Қазақтың музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлттық аспабы – қара шанақ домбыра. Ол елдің – асыл мұрасы, өткен ғасырдың куәсі. Сондай-ақ, домбыра тарту – әрбір адамның, әрбір баланың асыл арманы. Оның үнін тыңдау – әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Бұл жөнінде ұлы ақын Қадыр Мырзалиев ағамыз Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл- пәл кем бұра.
Нағыз қазақ- қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды,содан сұра тек қана.
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын.
Деп бір хаhан шанағына құйған оның қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес соның нақты өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын, жалап жатқан кезінде. деген өлең жолдарында сан ғасырдың тарихын сипаттайтын қазақ домбырасының қасиетін дәріптеп жырлаған. Мұндай тұжырымның астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Ұлттық құндылығымызды ұлықтап, жалпы халықты ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, қайта жаңғырту идеясының төңірегінде елбасының қолдауымен 1 шілде- ұлттық домбыра күні болып бекітілді. Домбыра мәдениетіміздің жаңа кезеңінде өзінің айрықша келбетін, қайталанбас құндылығын ашқандай. Табиғаттың сыбырын, тұлпардың дүбірін, тіпті, халықтың қилы тағдырын да айнытпай шанағынан төгілткен қасиетті аспаптың тарихы тереңде жатыр. Оның қасиетті үні тылсым әлемге жетелейді. Қазақ халқын басқа халықтардан ерекшелеп, рухын асқақтатып тұратын да осы – қасиетті қара домбыра. Біздің елде әу демейтін қазақ жоқ, сондықтан, әрбір қазақтың үйінде домбыра аспабы төрде ілулі тұрса, ол біздің ұлтжандығымыздың, отансүйгіштігіміздің дәлелі деп білемін. Себебі, көшпелі өмірдің шежіресін шерткен көне аспап қазақтың қасиетті құралы ғана емес, талай кезеңдердің тарихи куәгері. Сондықтан, ұрпақтан- ұрпаққа аманат болып жеткен ұлттық аспапты ел арасында кеңінен насихаттай беруіміз керек. Ықылым замандардан бері халық сүйсініп, күй шығарып, өзінің мұң- мұқтажын, қуанышын жеткізіп отырған. Үні де, дәстүрі де жинақталып келіп, домбыра арқылы берілген. Иә, қос ішекің шанағынан төгілген әрбір әуен, дархан даланың тарихын жырлайтындай, қазақ халқының кең пейілін бейнелейтіндей көрінеді. Тіпті, үн арқылы ұғысқан, күй арқылы табысқан көшпелі жұрттың домбыраға деген құрметі, махаббаты ерекше. Қа йда жүрсекте қара шанақ домбырамызды ұлықтап, насихаттап жүргеніміз жөн.
Әрі қос ішекті қазақтың домбырасының шоқтығын биіктететіп, жастардың домбыраға деген қызығушылығын артыра түсері анық. Олай болса, қазағымның ұлттық өнері, қара домбырамның шанағынан төгілген күй шарықтап, күмбірлей берсін демекпін.