Жарқайың ауданының көпұлтты халқының рухани мұраттарына деген балалардың музыкаға, танымдық қызығушылығын ояту және дамыту мақсатында. Музыкалық әдебиет пәнінің мұғалімі Вероника Владимировна Савчук балалар кітапханасының қабырғасында "музыкалық сәт" іс-шарасын өткізді. Іс - шараға Арқалық қаласындағы "Орта жүз" және "GT" рэп-тобының қатысушысы болған Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы Шынболат Айтқалиұлы шақырылды. Шымболат Айтқалиұлы балаларға өзі туралы, өлеңдер, рэп стиліндегі шығармалар жазуды қалай бастағанын және оған шабыт қалай келетінін айтып берді. Іс - шара барысында балалар біздің жерлесіміз Теміртас Жүсіповке арналған-Карин Шынболаттың орындауындағы "Бокс" бейнеклипін тамашалады.
Балалар кітапханасының қызметкері Гүлфариза Махамбетқызы Кәкімова Жарқайың ауданының композиторлары мен ақындары, Лукин Альберт Зиновьевич пен Валерий Сергеевич Жаров туралы жарқын әрі әсем әңгімелеп берді. Отандастарымыздың суреттері, 2010 жылғы "Жарқайың таңы" фотоальбомы, 2015 жылғы "Жарқайың таңы" мерейтойлық фотоальбомы, "Отаным", "Туған жер" әндер жинақтары ұсынылған "Жан дүниесіндегі музыка"кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Шынболат Айтқалиұлы іс-шара соңында балаларға табыс тілеп, алға қойылған мақсатарына қол жеткізіндер деді.
Начало формы